Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті Суперкубок матчында қызмет атқаратын төрешілер тобын анықтады, деп хабарлайды ҚФФ-ның баспасөз қызметі.

Жексенбі, 4 наурыз күні сағат 15:00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан Суперкубогы сарапқа салынады. Шешуші ойында елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» футбол клубы кездеседі.

Жаңа маусымының шымылдығын түретін айтулы кездесудің жоғары деңгейде өтуін қарағандылық төреші Артем Кучин қадағалайтын болады.

Қазақстан Суперкубогы – 2018

4 наурыз

«Астана» - «Қайрат»

Бас төреші: Артем Кучин (Қарағанды);

Төрешілердің көмекшілері: Евгений Бельский (Тараз), Айдын Тасыбаев (Павлодар);

Төрешілердің қосымша көмекшілері: Денис Измайлов (Талдықорған), Бағдат Абдоллаев (Қаратау);

Қосалқы төреші: Серік Жаппасбаев (Қызылорда).