Қалыптасқан дәстүрге орай жаңа маусымның басында клубтың Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізіп, ақпан айының үздік ойыншысын анықтаған едік.

Осы айда «Астана» футбол клубы Еуропа Лигасы 1/16 финалы аясында екі ресми кездесу өткізіп үлгерді.

Жанкүйерлердің 60%-дан астамы Марин Томасовты үздік таныды. Хорватиялық ойыншы «Спортингке» қарсы екі кездесуде де гол соғып, нәтижелі ойынымен көзге түскен болатын.

Екінші орын Дмитрий Шомкоға бұйырды. «Астана» командасының вице-капитаны Португалиядағы тарихи кездесуде ойынның нүктесін қойып, елордалық команданың қоржынына ұпай салған еді.

Үздік үштікті Ненад Эрич қорытындылады. «Астана» қақпашысы өзінің ерекше ойынымен көзге түсіп, қақпасына бағытталған соққыларды қайтару көрсеткіші бойынша үздіктер қатарынан танылды.

Дауыс беру бойынша үздік бестік:

1.Марин Томасов 62,5%

2.Дмитрий Шомко 12,9%

3.Ненад Эрич 9,1%

4.Патрик Твумаси 8,5%

5.Абзал Бейсебеков 3,4%

Дауыс беруге жалпы саны 4 302 адам қатысты.