Ұлттық құраманың бас бапкері Мирослав Беранек Талғардағы ОЖЖ-да алдағы Фарер мен Ирландияға қарсы ойынға дайындық туралы айтты.

- Алдағы матчқа команданың көңіл-күйі қалай?

- Өзіңіз көргендей, алты ойыншымыз негізгі топтан тыс жаттығып жүр. Кішігірім жарақаттары бар. Тағы екеуі кездесуге Германиядан аттанады.

- Шмидтгаль мен…

- Энгель. Екеуіде жарақаттарынан жазылып, алаңға шығуға дайын. Шмидтгальдың соңғы матча алаңға шыққаны жайлы хабардармын. Біз үшін бұл жақсы, көмегі тиеді деген ойдамын.

- Алдағы ойындарда қанша ұпай алуға мақсат қойдыныз?

- Алты. Әсіресе бірінші кездесуге ерекше дайындалудамыз. Фарер аралдарында ауарайы біраз қиындықтар тудыруы мүмкін.

- Соңғы уақытта ұлттық құрамамыз тек мықты қарсыластармен ғана жақсы ойын көрсетуде...

- Неге? Фарерға қарсы матчта да жаман ойын көрсеткен жоқпыз. Кездесу барысында 0-1 есебімен ұтылып тұрып жағдайды өзгерттік. Ибрагимович болмағанда Швеция құрамасында састырар едік.

 - Марат Хайруллин алдағы кездесулерге шақырту алмады, себебі неде?

- Ол екінші тізімде бар. Хайруллин шабуылға жақын ойыншы.Кейде қорғанысты ұмытып алғы шепке өтіп кете береді. Бүгін таңда бізге қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүретін ойыншылар керек.  

- «Шахтердың» ойыншылары Еуропа лигасында тер төгіп жүр, сіздің ойынша шаршаған жоқ па?

- «Шахтердың» бапкері өте білікті, әр кездесу алдында ойыншылардың әлуетін саралап негізгі құрам ойыншыларын алмастырады. Соның арқасында көшбасшы ойыншылар демалуға мүмкіндік алып қалпына жылдам келеді.