Аргентина құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли Ресейде өтетін футболдан Әлем чемпионатына «Интер» Мауро Икардиді алмау туралы шешім қабылдады.

Бұл шешімді Сампаоли ойыншының төмен деңгейде ойнайтындығын алға тартып қабылдаған. Оның үстіне Икардидің команданың көшбасшы ойыншыларымен де ара қатнасы жақсы емес.

Естеріңізге салсақ, Аргентина бір топта Хорватия, Исландия және Нигерия құрамаларымен ойнайды.