Еременко Кубогындағы алғашқы кездесуден соң қос клуб бапкері ойын жайлы ойымен бөлісті.

«Қайрат» клубының бас бапкері Какау:

- «Норильский Никель» бүгінгі ойынымен мені таңғалдыра алған жоқ. Бізде көптеген жүзеге аспаған мүмкіндіктер болды. Алайда мен командадағы ойыншыларыма жаман сөз айта алмаймын.

Жарақат алған ойыншыларға келсек, келесі ойынға қатысу мүмкіндігі тек Сүлейменовта бар

«Норильский Никель» командасының бас бапкері Александр Соколов:

- Ойын тартысты өтті. Командалар жақсы ойын көрсетті. Қақпашылар да аянып қалмады. Дегенмен біз қарсыласқа қарағанда басым болдық. Біз соңына дейін күресуге бел будық.

Естеріңізге салсақ, алғашқы ойында алматылық «Қайрат» ресейлік «Норильский Никель» командасынан 3:4 есебімен жеңіліп қалған.