Бүгін Давид Лория «Ақтөбе» ФК ойыншысы атанды.Команданың үшінші оқу-жаттығу жиынында тұрақтаған «Calista» қонақ үйінде бүгін қазақстандық қақпашымен келісімшартқа қол қойылды. Келісімшартқа ойыншы мен клубтың бас директоры Самат Смақов өз қолдарын қойды. Амплуа – Қақпашы Туған жылы – 31.10.1981 (37 жас) Азаматтығы – Қазақстан Бойы/салмағы – 186 см/80 кг Давид Лория – еліміздің ең танымал қақпашыларының бірі. Давидті таныстырып жатудың қажеті шамалы, дегенмен естеріңізге саламыз: Давид Қазақстан Ұлттық құрамасының қақпашысы. Ол төмендегі клубтарда өнер көрсетті: 1998/2002 - Жеңіс (Қазақстан) – 57 ойын 2003 – Есіл - Богатырь (Павлодар) – 7 ойын 2004/2008 - Шахтер (Қазақстан) – 110 ойын 2006 - Астана (Қазақстан) – 24 ойын 2007 - Хальмстад БК (Швеция) – 7 ойын 2009 - Спартак Н (Ресей) – 2 ойын 2009 - Локомотив (Қазақстан) – 12 ойын 2010/2012 - Ертіс (Қазақстан) – 55 ойын 2012/2013 - Ризеспор (Түркия) – 33 ойын 2013/2014 - Қайрат (Қазақстан) – 16 ойын 2014/2015 - Каршияка (Түркия) – 8 ойын 2015/2017 - Ертіс (Қазақстан) – 101 ойын Ұлттық құрама 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы – 24 ойын Қазақстан (ұлттық) – 45 ойын Жетістіктері Қазақстан чемпионы: 2000, 2001, 2006 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2009, 2012 Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2007, 2010, 2013, 2016 Қазақстан Кубогының иегері: 2000/01, 2002 Шығыс-Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001 Жеке Қазақстанның үздік футболшысы: 2006 Қақпашылар арасында Қазақстан чемпионатында көп матч ойнаған үздік бестікке кіреді