Теміртауда волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі аяқталды.

Бастапқы кезеңде 10 команда екі топқа бөлінді. Әр топтан екі мықты команда ширек финалға шықса, бесінші жолдамаға қос топтағы үшінші орын алған «Қуаныш и К» мен «Қарағанды-2» командалары кездесті. Тартысты өрбіген матчта солтүстік ұжым жеңіске жетті.  

Алғашқы кезеңнін қорытындысы бойынша Қарағандыда 15-24 қазан аралағында  ширек финалға қатысатын барлық командалар анықталды. Толық тізім мынадай : «Астана» ВК, «Ертіс-Казхром» (Павлодар),  «Алматы» ВК , «Қарағанды ВК», «Шығыс-СвинецСтрой» (Өскемен),  «Қостанай» ВК, «Металлург АМТ» (Теміртау), «Қуаныш и К» (Солтүстік Қазақстан облысы)