ПСЖ командасының шабуылшы Неймар Франция чемпионаты аясында «Марсельмен» (3-0) өткен кездесуде жарақат алып қалды, деп хабарлайды prosports.kz сайты Sky Sports-қа сілтеме жасапБразилиялықтың жарақаты жеңіл емес көрінеді. Алдын-ала мәлімет бойынша, футболшы кем дегенде үш апта ем қабылдауы керек екен.Егер осы ақпарат шын болса, онда Неймар 6 наурызда Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Реал Мадридке» қарсы өтетін ойынға қатыса алмайды.