Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло испан, ағылшын, италиан мен орыс менталитетінің ерекшеліктерін атап өтті.«Бұрындары өзім жұмыс істеген мемлекеттерде талай ерекшеліктер байқадым. Мәселен, Италияның қалалары бір-біріне еш ұқсамайды. Испанияда футбол мәдениеті қалыптасқан. БАҚ-тағы ерекшеліткер: Италияда спорттық телевизия қатты дамыса, Испанияда жанкүйерлер радионы тыңдайды. Англия мен Ресейде – газеттердің сөзі өтеді. Испандықтар өте кеш жатадыекен, 2-ге таман бірақ ұйықтайды. Ал Англияда команда жеңіске жетсе бірге барып сыра ішеді», - деді Капелло.