Бейбіт Шүменов Бүкіләлемдік бакс ассоциациясының (WBA) тұжырымы бойынша «супер-чемпион» атағына ие болды.

Бұдан бұрын жерлесіміз WBA-дің тұрақты чемпионы болған, кейін ассоциация оның мәртебесін көтеріп берді. Супер-чемпион атағын қорғап қалу үшін қандасымыз неміс боксшысы Юрген Бремер немесе американдық Маркус Оливейрамен жекпе-жек өткізу керек.Шарт бойынша Бейбіт матчты 2014 жылдың 15-ші сәуіріне дейін өткізу тиіс.