Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (88) Дубайда өтіп жатқан ATP турнирінің алғашқы айналымында сүрінді, деп хабарлайды prosports.kz сайты. Кукушкин 1/16 финалда грекиялық теннисші Стефанос Циципасқа (82) есе жіберді. 2 сағат 15 минутқа созылған тартысты кездесу 1:2 есебімен Циципастың пайдасына шешілді.

Отандасымыз қарсыласына екінші сетте ғана сәл басымдылық танытқанымен қалған екі сетте таза жеңілді. 2:6, 7:6, 3:6