Биылғы маусымда елордалық «Барыс» бірінші рет негізгі уақытта жеңіске жете алмады.

Соңғы кездесуде астаналықтар подольскілік «Витязьбен» ойнады. Жанкүерлер «Барысқа» сенім артып 60 минутта еш қиындықсыз жеңіске жетеді деп ойлаған.

Бұл жолы бәрі ойдағыдай болмады. Негізгі уақыт тең аяқталып қос команда буллиттерге жүгінді. «Барыс» сапындағы  Роман Старченконың шешуші соққысы матчты қорытындылады.

«Барыс» (Астана) – «Витязь» (Подольск) 3:2 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 1:0)

1:0 - Блохин (Семенов, Жайлауов) - 31:09, в большинстве1:1 - Селезнев (Хеннесси, Шитиков) - 38:04, в большинстве1:2 - Тополь (Кокшаров, Селезнев) - 45:202:2 - Савченко (Руденко, Старченко) - 55:02, в большинстве3:2 - Старченко - 65:00, ПБ

Қақпашылар: Ахонен – Лисутин