Наурыздың 1 күні «Қайрат» футбол клубының таныстырылымы өтеді. Шараның бағдарламасы мынадай:

- «Қайрат» ФК жоспарларын таныстыру,

- 2018 жылғы маусымның ойын жейдесін көрсету,

- Командадағы басты тұлғалардың қатысуымен баспасөз-мәслихаты, сондай-ақ, ашық жаттығу мен қолтаңба сессиясы өтеді.

Бұл шара 2018 жылдың 1 наурызында «Қайрат» ФК спорт базасында өтеді.

Таныстырылымның басталуы – 13:30-да.

Мекен-жай: Бесағаш ауылы, Хамраев көшесі, 1.