Футболдан ұлттық құрамамыз 2014 жылы өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында Талғардағы кешенде ашық жаттығу дайындықтарын өткізді.
 
Мирослав Беранек Фарер мен Ирландия құрамасына қарсы кездесуге 23 ойыншыға шақырту жіберді. Дегенмен барлығы әлі құрама сапына қосылған жоқ, айта кетсек Мақсат Байжанов паспорт мәселесін шеше алмаса, Алексей Щеткин жарақатын емдеуде. Екінші Бундеслигада өнер көрсетіп жүрген ойыншылары Шмидтгаль мен Энгель қос кездесуге Германиядан аттанады. Александр Мокин  жаттығу барысында көрінбеді. 
 
 
Бірнеше футболшыларымыз негізгі топтан тыс жаттықты. Хижниченко, Карпович, Нұрдәулетов, Гурман, Логвиненко мен Финонченкода микрожарақаттар бар екенін артынша белгілі болды. 
 
 
Беранек жаттығу барысында қақпаға соққы жасауға көп мән берді. Дмитри Шомко ерекше белсендік танытты. Соққысы сең бұзардай. 
 
 
Жаттығу бітер кезде ойыншылар екі жаққа бөлініп жарты алаңда доп тепті.