«Шахтердың» қорғаушысы Алдин Джидич «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне Виктор Кумыков пен Виктор Пасулько арасындағы қақтығыс жайлы екі-үш сұраққа жауап берді.

- Кумыков пен Пасулько арасындағы қақтығыс жайлы не ойлайсыз?

- Біздің бапкер команданы ылғи да қорғайды. Қандай оқиға болмасын. Пасулько не айтқанын естіген жоқпын, дегенмен екі бапкердің арасындағы қақтығыс болғаны анық.

- Кумыковты қолдайсыз ба?

- Кумыков жасаған әрекетін дұрыс деп айта алмаймын. Алайда бір нәрсе болғаны рас. Ол өзден-өзі ашуланбайды ғой.

- Кумыковтың орында болсаңыз осылайша істер едіңіз бе?

- Мүмкін. Менде біздің бапкер секілді команда үшін барлығына дайынмын, ылғи да қорғаймын.