Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Шымкент қаласындағы жарыс барысында екінші кезеңге жолдама алды.

Алғашқы кезеңде қазақстандық теннисші белорусь қарсыласы Александр Булицкидан басым түсті. Жалпы есеп — 3:6, 6:4, 6:2. Денистың келесі қарсыласы Сағадат Аяпов пен испандық теннисші Хосе Азорин арасындағы кездесуде анықталады.