«Наполи» футбол клубы хорватиялық қорғаушы Антонио Миличпен келісімшартқа қол қойды. Келісім алты айға жасалып отыр.28 жастағы хорватиялық футболшы көп жылдар бойы өз елінің командаларында және ресейлік клубтар сапында өнер көрсеткен. 2016 жылы италиялық «Ферентино» клубына ауысып, Италия футболымен жақсы танысты. Енді «Наполи» сапында Италия чемпионы атануға тарысып көретін болады.Милич жаңа командасына еркін агент ретінде келіп отыр. 19-шы номермен өнер көрсетеді.