Шахматтан Санкт-Петербургта өткен 155 шахматшы арасындағы блицтурнирде павлодарлық Ринат Жұмабаев жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан құрамасының шахматтан бапкері Павел Коцур хабарлады.

 «Санкт-Петербургта М.И.Чигорин мемориалы аясында 155 шахматшы қатысқан блицтурнир өтіп, оның ішінде 32 гроссмейстер қатысты. Онда Қазақстаннан барған 5 шахматшының ішінен Ринат Жұмабаев жеңіп шықты. Қазақстандық шахматшылар осындай ірі жарыстарда көптен бері жеңген жоқ еді», - деді П. Коцур.Осы жеңісінің арқасында Ринат әлемнің 100 бицерлерінің қатарына енді.24 жастағы Р. Жұмабаев бүгінге халықаралық гроссмейстер және әлемнің күшті шахматшыларының бірі, деп жазады Айқын газеті.