2017/18 жылғы еурокубоктық маусым Қазақстан футболы үшін аяқталды.

Еуропа лигасының 1/16 финалында «Астана» португалиялық «Спортингтен» ұтылып қалды. Қазақстандық клубтың еуроаренада сәтті ойнауы еуропалық рейтингіде әсерін тигізді.

Клубтарымыз 2017/18 жылғы маусымда 4,25 ұпай жинады. Осының арқасында, Беларусь, Шотландия және Сербияға жақындауға көмектесті.

Қазіргі таңда Қазақстан УЕФА-ның 55 қауымдастығы ішінде 28-ші орында келе жатыр.