Мадридтық «Реалдың» қорғаушысы Гарет Бэйл жыл қорытындысы бойынша Уэльстың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Уэльс футбол ассоциациясы.24 жастағы футболшы бұның алдында да 2010, 2011 жылдары үздік ойыншы атанған еді.Бэйл ұлттық құрама сапында 42 кездесуде 11 гол соғып үлгерді. Былтырғы маусымды «Тоттенхэмде» өткізіп 44 кездесуде 26 гол соғып ағылшын Премьер-лигасының үздік ойыншысы атанған.Естереңізге сала кетсек, Бэйл жазғы маусымда 100 миллион еуроға «Реал» сапына ауысқан еді.