Елордалық «Снежные Барсы» командасының ойыншысы Ернар Мұсабаев ресейлік «Стальные Лисы» клубының хоккейшісімен төбелесті.

18 жасар қазақстандық хоккейші ойынның 15-ші минутында ресейілк Максим Мишаковқа қарсы жұдырық ала жүгірді. Алайда бірер минуттан соң төрешілер қос «бұзақыны» ажыратып алды.