«Тараз» клубы ОЖЖ аясында екінші жолдастық кездесуін грузиялық «Шукура» клубымен өткізіп жеңіліп қалды. Түркияда өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Қазақстандық клуб қатарынан жалғыз голды Константин Дудченко соқты.

Естеріңізде болса, бірінші өткен жолдастық кездесуде де «Тараз» клубы жеңіліп қалған болатын. Ол кезде олардың қарсыласы армяндық «Ширак» клубы болған.