Павлодарлық клуб қазақстандық қақпашы Алмат Бекбаевпен келісімшарт жасасқаны жайлы ресми түрде хабарлады.

Қақпашы Шымкент футбол мектебінің түлегі. Өзінің кәсіби мансабын «Достық» командасында бастаған еді. Кейін «Ақсу-Кент», «Яссы-Сайрам», «Қайсар», «Ақжайык», өзбекстандық «Андижан», «Тобыл» және «Ақтөбе» клубтарында өнер көрсеткен. Дегенмен көпшілікке «Ордабасы» сапындағы ойыны арқылы таныс.