Назарларыңызға Қазақстан премьер-лигасы аясындағы 29-шы турдың басты сандары.

Турда 16 гол соғылды – әр матчта орта есеппен 2,67. 11 голды алаң иелері соқса, 5-і қонақтардың еншісінде.

4 матчта алаң иелерінің пайдасына шешілсе, тек 1-ін қонақтар ұтты, тағы 1 кездесу тең аяқталды.

Төрешілер өткен турда 31 сары қағаз көрсетті, соның ішінде 10-ы «Астана» мен «Қайрат» ойында көрсетілді.

«Шахтердың» шабуылшысы Игорь Зенькович 14 голмен бомбардирлер тізімінде көш бастап келеді. Артынша Игорь Бугаев («Тобыл», 13 гол), Момоду Сиссей («Қайрат», 12) және Эдин Юнузович («Ордабасы», 11) келе жатыр.