Қарағандылық «Шахтердің» қатарын хорватиялық қорғаушы Матео Мужек толықтырады. Бұл туралы отандық басылымдар әзірбайжандық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлап отыр.22 жастағы футболшы Әзірбайжанның «Нефтчи» командасында өнер көрсетеді. Клубпен екі жылдық келісімшарты болғанымен, негізгі құрамнан орын ала алмауына байланысты басқа команда іздеуде.Осы мақсатта жас қорғаушы Қазақстанға келмекші. Ол қарағандылық команданың бапкерлер құрамына ұнаған көрінеді.