Уэйн Руни британдық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Манчестер Юнайтед» ойыншылары жаттықтырушы Дэвид Мойеске көмектесу керектігін айтты.

«Бас бапкеріміз үлкен қысымның астында. Бұған біз кінәліміз. Осы тұста «Манчестер Юнайтед» ойыншылары бірігіп Мойеске жәрдемдесу керек. Осы күнге дейінгі ойынымызды көрсетсек, бәрі түзеледі. Бұл өтпелі кезең, ең бастысы қиындыққа төзе білу», — деді Руни.