«Астана» хоккей клубының сапына 5 жаңа ойыншы ауысты. Үшеуі қорғаныс шебін күшейтпек, екеуі – шабуылшы, деп хабарлайды «Шайба.kz»

Финляндиялық Рами Хейккиля мен Йоонас Лиитмайнен, 23 жастағы франциялық Максим Муазан, Словения құрамасының шабуылшысы Лука Башич пен канадалық Никита Мандрик келісімшартқа кеше қол қойды.