Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) футболдан Сауд Арабия құрамасын 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатына қатыстырмай тастауы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Бұл туралы «Р-Спорт» сайты AS.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Басылымның мәліметі бойынша, FIFA қазіргі уақытта БАӘ және Сауд Арабиясы елдерінде футболға саясаткерлердің жиі араласып жүргеніне алаңдаулы. Жуық арада ұйым жауаптылары екі елдің басшыларымен ресми кездесу өткізеді.

FIFA Сауд Арабиясы мен БАӘ 2022 жылғы Катарда өтетін әлем чемпионатын саяси мүдде үшін өтізуінен қауіптенеді. Басылым жазған ақпаратқа сүйенсек, желтоқсан және қаңтар айында Парсы шығанағы кубогы барысында Сауд Арабия басшыларының қолдауымен Бахрейн құрамасының футболшыларына Катардан келген «лаңкестерді» жеңу үшін ақша берген екен.

Тағы бір себеп ретінде FIFA Сауд Арабиясы мен БАӘ елдері Катар жерінде өнер көрсетуге қарсы шығып, Азия Чемпиондар лигасында бұл елдің клубтарымен кездесуден бас тартып отыр.

FIFA футболға саясаттың араласқанына қарсылық білдіріп, бұл жағдайға Азия футбол қауымдастығының араласқанын қалап отыр.

Еске салайық, шілде айында араб елдері, оның ішінде Сауд Арабиясы, БАӘ және Бахрейн елдері лаңкестікті қолдап отыр деп, Дохамен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатқан еді.