«Барселона» клубының ойыншысы Филиппе Коутиньоның үйін тонап кеткен. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Ойыншы командасымен бірге Чемпиондар лигасындағы «Челсимен» болатын ойынға бармай қалған. Себебі ол ойынға қатыса алмайды.

Ойыншы отбасымен бірге кешкі ас ішу үшін мейрамханаға барған сәтте үйі тоналған.