Кеше Қазақстан премьер-лигасының 29-ы туры аясында «Шахтер» мен «Ордабасы» клубтары кездескен. Кеншілер шымкенттік команданы аса қиындықсыз 3:0 есебімен жеңіп 3 ұпай еншілеген.

Алайда матч соңынан өткен баспасөз-маслихатында қос бапер сөзге келмей қалыпты. Жиыннан кейін «Шахтердің» бапкері Виктор Кумыков шымкенттік жаттықтырушы Виктор Пасульконы ұрып жіберіпті. Бұған «Ордабасы» бапкерінің «Шахтерді» келекеткені себеп болыпты-мыс. Аталған оқиға матч протоколына еніп, тәртіп коммитетінде қарастырылады.