Еуропа лигасының 1/16 финалындағы португалиялық «Спортинг» пен елордалық «Астана» арасындағы қарымта ойында венгриялық төрешілер қызмет етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бас төреші қызметін Томаш Богнар атқарады. Оған алаң жиегінде Болаш Бузаш пен Теодорос Георгиу көмектеседі. Реферидің қосымша көмекшілері: Адам Форкош, Петер Соймоши. Ал төртінші қазы болып Питер Кобор тағайындалды.