«KAZSport» теле арнасы алдағы маусымда «Астана» БК барлық кездесулерін көрсетеді, деп хабарлайды елордалық клубтың ресми сайты.

«Астана» баскетбол клубының Бірыңғай ВТБ лигасы мен ел біріншілігі аясындағы барлық матчтарын «KAZsport» арнасынан тамашалауға болады. Алғашқы көрсетілім 8-9 қазан күндері «Астана» БК мен «Қапшағай» БК арасындағы кездесуден жүргізіледі. Матч сағат 16:50-де басталады. 

Бірыңғай ВТБ лигасы аясындағы алғашқы ойында астаналық клуб 14-шы қазан күні мәскеулік «Триумфпен» кездеседі.

«В» тобындағы «Астананың» қарсыластары: ЦСКА (Мәскеу), ВЭФ (Латвия), «Цмоки Минск» (Беларусь), «Химки» (Мәскеу облысы), «Нептунас» (Литва), «Азовмаш» (Украина), «Триумф» (Люберцы), «Красные Крылья» (Самара) және «Красный октябрь» (Волгоград).