Қазақстандық боксшы Қанат Исламның командасы Бейбіт Шүменовпен ынтымақтастық орнату туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

«Бейбіт Шүменов Қанат Исламның промоутері болды деген ақпарат жалған. Боксрек сайтына солай жазылып кетіпті. Хабарластық. 1-2 күнде өшіреді», — деп жазды Қанат Исламның командасы Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетсек, кеше BoxRec.com сайты Бейбіт Шүменов Қанаттың жаңа промоутері болғанын хабарлады. Бұған дейін Қанат Исламның Шымкенттегі Royal Club Fitness & SPA базасында Шүменовтың жетекшілігімен дайындалып жүргені белгілі болған болатын.