Ресейлік боксшы Александр Поветкин  кешегі жекпе-жектен кейін Владимир Кличконы әлемдегі ең үздік боксшы деп атады.

- Не деймін? Кездесу ойдағыдай өткен жоқ, бірақ еңсемді ешқашан түсірмеймін. Владимир – әлемдегі ең үздік боксшы. Бүгінде ол менен әлде қайда мықты, - деді Поветкин.Естеріңізге сала кетсек, қазанның 6-сы күні Мәскеудегі «Олимпийский» кешенінде Поветкин Кличкодан жеңіліс тапты. Кездесу барысында ресейлік спортшы бірнеше рет нокдаунға түсті