«Тұлпар» футзал клубының бас бапкері Әміржан Мұканов франциялық «Спортингке» қарсы өткен матчтан кейін кішігірім сұхбат берді.

— Франциялық командамен үшінші ойында кездескеніміз жақсы болды. Себебі бұл команда жайлы қолымызда ешқандай ақпарат болмаған. Ал алдыңғы клубтардың мықты және нашар тұстары бірден білінді. Қосалқы құрам ойыншыларының жеңіске қосқан үлсі мол. Тың ойыншылардың арқасында басымдықты сақтап тұрдық.

Турнир алдында қандай мақсат қойып отырсызбелгілі бір межеге жетуді көздейсіз бе?

— Алдын ала болжам жасағаннан аулақпыз, топтық кезеңдегі ойындар өте ауыр болатынын қазірден сезіп тұрмыз. Турнирді ұтып алмасақ та, топтық кезеге қатысып УЕФА Кубогының "не екенін" сезіну арман болды. Нағыз мықты командалармен күш сынасқымыз келеді.