Испандық шабандоз Микель Ланда Astana Pro Team командасымен екі жылдық келісімшартқа отырды.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында 24-ке толатын Ланда үш жыл қатарынан «Euskaltel-Euskadi» сапында өнер көрсетті. Испандық спортшы 2011 жылы «Вуэльты Бургос» жарысын ұтып, «Мигель Индурайн Гран-Приі» мен «Вуэльта Мадрид» жарыстарының кезеңдерінде бірінші келген.