Кеше Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешенінде WBA тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы тұрақты чемпион Александр Поветкин мен WBO/IBF/WBA бойынша суперчемпион Владимир Кличко арасында жекпе-жек өтті.Кездесу Кличконың басымдығымен өтті  - украиндық боксшы Поветкинді екінші кезеңде нокдаунға жіберді. Александр аяққа тұрса да қарсыласынан сескеніп қалғандай. Ашық айқас 12 раундқа жалғасып жеңімпазды төрешілер анықтады. 119:104 есебімен басым болған Владимир кезекті рет чемпиондық белбеу тақты.