Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (54) Дубайдағы WTA турнирінің екінші іріктеу кезеңінде ресейлік Вероника Кудерметованы (237) жеңіп, үшінші кезеңге өтті, деп хабарлайды Prosports.kz. Кездесу 1 сағат, 14 минутқа созылды. Ойын есебі: 6:0, 7:5.Отандасымыздың келесі қарсыласы Украина теннисшісі Леся Цуренко (40). Кездесу ертең, 19 ақпан Астана уақыты сағат 12:30-да өтеді.