«Ақжайық» командасының жаттығу жұмыстары аясындағы тағы бір қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Владимир Мазяр шәкірттері 20 ақпан күні латвиялық «Спартак» футбол клубымен жолдастық кездесу өткізеді.

«Спартак» - Латвияның Юрмала қаласының футбол клубы. 2007 жылы құрылған. 2012 жылғы маусымнан бері Жоғары лигада бақ сынайды. Өз елінің екі дүркін чемпионы.