«Ақтөбе» бас директоры қайырымдылық шараға ат салысты

«Ақтөбе» футбол клубына бас директордың атына ауыр сырқатқа шалдыққан ерекше балалардың ата-аналарының атынан хат келіп түсті. Әсетұлы Жәңгір (06.03.2015 г.р.) балалардағы церебалды параличтің (ДЦП) спастикалық-гиперкинетикалық түрімен ауырады. Оның еміне шамамен 10 000 АҚШ доллары қажет. Осындай сомаға Жұмағұлова Аиша атты сәби де мұқтаж (16.10.2016 г.р.) – Айшада БЦП-ның гиперкинетикалық түрі.

25-ші ақпан күні «Өнер орталығында» сағат 16:00-де аталған қайырымдылық концерт өтеді, концерттен түскен барлық қаржы балалардың Қытайдың Юйцы қаласындағы еміне жұмсалады.

Осыған орай, Жәңгір мен Аишаның ата-аналары осы концертке арналған билеттердің көптеп өтуіне ықпал жасауын сұрап келген еді. Клубта бұндай бағытта қаржы бөлу қарастырылмағандықтан, Самат Смақов өз ақшасына 30 билет сатып алды.

«Ақ-қызылдардың» бас директоры бұл жағдайға байланысты пікір білдірді:

-Шынымды айтсам, көрінгім келмеген еді. Бірақ мен бұны бірінші кезекте біреу үшін емес, өзім үшін жасап жатырмын. Үш баланың әкесі ретінде отандастарымның осындай ауруға шалдыққандары менің жаныма батады. Ата-аналары қажетті қаржыны тауып, балалар тезірек аяқтарына тұрып кетеді деп үміт етемін.

Самат Кабирұлы қайырымдылық концертінің билеттерінің көбін қаламыздағы Қарттар үйіне сыйға тартты.