«Ертістің» қорғаушысы Бағдәулет Қожабаев «Ақтөбемен» кездесу қарсаңында кішігірім сұхбат берді. 
 
- Бағдәулет «Ақтөбемен» кездесуден не күтесіз?
 
- Команда кездесуге дайын. «Ақтөбеге» қарсы ойнаған қашанда қызық. Допты жақсы ұстайтын команда.  
 
- «Ақтөбе» кезекті рет чемпиондық атаққа ұмтылуда, тоқтата аласыздар ма?
 
- Ия, қарсыластарымыз чемпиондыққа жақындап қалды, алайда біз ұпайды құр берме қоймаймыз. Ақтөбе қаласы еліміздегі футболдың рухына бөленген қала. «Қобыланды батыр» стадионында ойнағанды өзім жақсы көрем. 
 
- «Ақтөбенің» мықты жақтарын атап кетсеңіз?
 
- «Ақтөбе» команда ретінде және жеке ойыншыларыда мықты. Ойыншылары түрлі ұлттық құрамалардың мүшелері. Техникалық және тактикалық мәнері бар команда.
 
- Байсуфинов матч алдында қандай нұсқау беруде?
 
- Бізді ауыр кездесуге икемдейді. Сырт алаңда ойнаймыз, сондықтан да біз үшін оңай болмайтыны белгілі.
 
- «Ертіс» маусым алдында қандай мақсат қойды?
 
- Мақсатымыз сол бұрынғыдай, үздік үштікке ілініп ел кубогында топ жару. Алғашқы «Шахтермен» кездесуде жеңіске жеттік, дегенмен қарымта ойын біз үшін өте қиын болмақ.
 
- «Ертістің» жанкүйерлеріне не айтасыз?
 
- Маусымның бітуіне бір айдай уақыт қалды. Қалған кездесудің бәрі қиын болмақ. Команданы қолдап, стадионды толықтай толтырып, жанкүйер болыңдар деймін. Біз өз кезегімізде жеңіске жетіп қана қоймай әдемі ойын көрсетіп қуантуға тырысамыз!