«Барселона» капитаны Андрес Иньеста спорттық мансабын Қытайда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы испандық БАҚ хабарлауда. 33 жасар ойыншыға «Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубы ұсыныс жасаған көрінеді. «Күн асты елінің» клубы жартылай қорғаушы үшін 37 миллион еуро төлеуге дайын. Сондай ақ Қытайдың «Шанхай Шэньхуа» клубы да каталондық клубтың капитанына қызығып отыр.