Бүгін Астанада футболдан 2018 жылғы Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Кубоктың бұл кезеңіне Бірінші лига, Екінші лига және 2017 жылы Қазақстан футбол федерациясының әуесқой командалар арасында өткізілген жарыстарында үздік нәтиже көрсеткен 2 клуб қатысады.

Жеребенің нәтижесі бойынша келесі топтар құрылды:
А тобы
"Оқжетпес" (Көкшетау қ.)
"ОСДЮСШОР - Жас Ұлан" (Шымкент қ.)
""Оңтүстік" академиясы" (Шымкент қ.)
В тобы
"Мақтаарал" (Атакент а., Мақтаарал ауданы, ОҚО)
"Рузаевка" (Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, СҚО)
"ЦСКА" (Алматы қ.)
С тобы
"Қыран" (Шымкент қ.)
"СДЮСШОР №8" (Астана қ.)
"Каспий" (Ақтау қ.)
D тобы
"Тараз" (Тараз қ.)
"Екібастұз" (Екібастұз қ.)
"Алтай" (ШҚО)
"Ақ-Бет" (г. Павлодар)

Іріктеу кезеңінің ойындары 2018 жылдың 18 және 26 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан ареналарда өтеді.