Қазақстан хоккейшілері Еврочеллендж-2017/18 турниріндегі алғашқы кездесуінде Венгрия құрамасын жеңді.«Еврочеллендж» сериясы бойынша хоккейден халықаралық турнир Польшаның Катовиц қаласында өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы Италия, Польша, Венгрия хоккейшілерімен күш сынасатын болады.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 18 ақпан күні Польша құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан — Венгрия 5:2 (1:0, 1:0, 3:2)

Шайба соққандар:

1:0 — 06:52 Маклюков (Евдокимов, Михайлис).

2:0 — 28:06 Жайлауов (Савицкий, Ибрайбеков).

2:1 — 42:34 Гарат.

3:1 — 53:57 Михайлис (Асетов, Гренц).

4:1 — 54:53 Старченко (Кучин).

4:2 — 57:37 Шофрон.

5:2 — 59:25 Старченко (Кучин).