«Реал Мадрид» футбол клубының ресми сайты команданың жартылай қорғаушысы Тони Кроостың жарақат алып қалғанын растады.28 жастағы футболшы сәрсенбі күні Чемпиондар лигасы аясында ПСЖ командасына қарсы 90 минут бойы өнер көрсеткен болатын. Бірақ, испаниялық клубтың баспасөз қызметі бүгін Кроостың жарақат алғанын жариялап отыр.Клбу таратқан мәлімдемеде Германия ұлттық құрамасының ойыншысы қанша уақыт емделетіні айтылмаған. Бірақ, ақпарат құралдары Тонидың кем дегенде 15 күн демалатынын межелеуде.