Армения, Молдова, Литва құрамалары 2014 жылы өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясындағы кездесулерге ҚПЛ-да өнер көрсетіп жүрген отандастарына жүгінді.

Армения құрамасына «Ақтөбенің» қорғаушысы Роберт Арзуманян мен «Қайрат» пен «Шахтердың» жартылай қорғаушылары Артур Едигарян мен Геворг Казарян шақыртылды.

Молдова құрамасы қостанайлық «Тобылдың» шабуылшысы Игорь Бугаевқа сенім артса, «Шахтердың» қорғаушысы Гедеминас Вичюс Литваға аттанды.