Мадридтік «Реалдың» бұрынғы директоры Хорхе Вальдано клубтағы ішкі жағдай туралы баяндады.

Вальданоның айтуынша, «ақсүйектердің» бас бапкері Карло Анчелотти ойын өрнегін бір арнаға түсіре алмай жүр.

«Соңғы матч бойынша айтсам, Гарет Бэйл үшін әзірше орын жоқ боп тұр алаңда. Мәселен маған Асьер Ильярамендинің ойыны жағымды, себеб ол қарапайым ойнайды. Ал Анхель ди Марияның өнері нағыз құндылыққа айналып бара жатыр. Хаби Алонсоның әлі де негізгі құрамаға іліну мүмкіндігі бар», — деді Вальдано.