Лиссабондық «Спортинг» Еуропа лигасының 1/16 финалындағы елордалық «Астанаға» қарсы (3:1) жеңісін халықаралық дауға ұласар жазбамен атап өтті, деп хабарлайды prosports.kz.

Кездесу аяқтала салысымен португалиялық клубтың твиттердегі ресми аккаунты gif форматтағы қуанып отырған Бораттың (Саша Барон Коэннің бір фильміндегі кейіпкер) суретін жариялап, «Үлкен жетістік!» деген жазба қалдырған.

Естеріңізге салайық, Еуропа лигасының 1/16 финалының бірінші кездесу аясында «Спортинг» 3:1 есебімен жеңіске жетті.