Спорт комментаторы әрі сарапшы Пол Малиньяджи қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді.

«Меніңше Головкин алғашқы жекпе-жекте жеңді. Қарымта кездесуді өткізу қажет. Головкин жарты жыл сайын қартайып отырады, ал «Канело» жас, жыл артқан сайын күшейе бермек. Көрейік, қызық болады. Екеуі де бір-біріне қауіпті екенін көрсетті. Оның үстіне Головкин жүйелі әрекет етті, сондықтан әзірге басымдығы бар», – деді Малиньяджи.

Еске салайық, боксшылар арасында екінші кездесу 5 мамыр күні өтеді.

24.kz