«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стоилов «Спортингке» қарсы матч алдында журналистерге сұқбат берген.

«Команда жақсы жұмыс істеуге тырысты. Жақсы ойын көрсетеміз деп ойлаймын. «Спортинг» мықты команда, құрметпен қараймын. Португалиялық команданың деңгейі екі-үш жылда айтарлықтай көтерілді. Ойынды тағыдырын кез келген сәтте шешетін футболшылары бар», - деді Стоилов.